kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
1

АДАЛ ЖОЛ

2019 жылғы 1 және 11 желтоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Адал жол» жобалық кеңсесі аясында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп Орал қаласының ТЖ вокзалында және Қазақстан станциясында (Ақсай қ.) «Жасырын сатып алушы» әдісімен рейдтік іс-шара өткізді.

Бұл шаралар билет алыпсатарлармен және билетсіз жолаушылармен күресуге, сондай-ақ билеттердің жасанды тапшылығын болдырмауға бағытталған.

Бұдан басқа, жергілікті жерлерде вокзалдар мен жолаушылар вагондарының санитарлық жағдайы тексеріледі. Жолаушылар үшін жайлылық жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда.

Іс-шара барысында билет кассаларында кезек пен дүрлікпе табылған жоқ, барлық бағыттарға билеттер бар. Билеттерді сатып алу және сатумен заңсыз айналысқан тұлғалар, сондай-ақ билетсіз жолаушылар анықталған жоқ.