«ADAL KÓMEK» жобасы онлайн режимде
БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «ADAL KÓMEK» жобасын онлайн режимінде жүзеге асыру жалғасуда.
2020 жылдың 18 сәуірінде «Instagram» әлеуметтік желісінің тікелей эфирі арқылы тұрғындарға тегін кеңесті «AQJAIYQ» ӘКҚ» АҚ басшылығы, БҚО Заңгерлер кеңесі палатасының төрағасы Р.Ж.Телеупов және жергілікті атқарушы органдардың аудандық басшылары берді.
Тікелей эфир барысында «AQJAIYQ» ӘКҚ» АҚ басшылығы және Р.Ж.Телеупов әлеуметтік желі қолданушылардың барлық сұрақтарына нақты жауаптар берді.
Құрметті достар, COVID-19 пандемиясының таралуына жол бермеу мақсатындағы шараларға байланысты «ADAL KÓMEK» жобасы әр аптаның сенбі күні сағат 10-00-ден бастап әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимде жүргізіледі.
Аталған жоба Агенттікпен «Ізгілік елшісі» жобасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатырғандығын естеріңізге саламыз және еліміздегі «Волонтерлер жылы» аясында құқық саласындағы белгілі заңгерлер мен мамандардың ерікті негізде аталған жобаға қатысуларына бағытталған.
Мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.
