«ADAL KÓMEK» жобасы
2020 жылдың 29 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінде «ANTIKOR ORTALYǴY» қызмет көрсету орталығында «Еріктілер жылы» аясында кезекті «ADAL KÓMEK» жобасы ұйымдастырылды.
Мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңесті «Қоғамдық келісім» КММ «Татуласу орталығының» аға консультанты, кәсіби медиатор А.Т.Жолимова, Орал қаласы әкімдігінің заңгері А.О.Жәнібеков, Университет оқытушылары мен студенттері және Департамент қызметкерлері ұсынды.
Қабылдауға Орал қаласының тұрғындары жатақхананы бөгде адамдардың заңсыз өз иелігіне аударып алу мәселесі және жол-көлік оқиғасы бойынша жүгініп, Заң аясында тиісті түсінік жұмыстары жүргізілді.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, «ADAL KÓMEK» еріктілер жобасы аясында «ANTIKOR ORTALYǴY»-да апта сайын сенбі күні сағат 10-00-ден 13-00-ге аралығында Агенттіктің қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары тегін құқықтық кеңес беретінін назарларыңызға саламыз (БҚО, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі 89/1).
