АБЗАЛ ЖАНДАР
Бүгін әріптестеріммен бірге "Нейрон" медициналық орталығы ұжымымен кездестім. Ақ халатты абзал жандарға Nur Otan партиясының бағдарламасын баяндап, өңірдің де даму жоспарын талқыладық. Медицина қызметкерлері облысымызда тағы бір университет ашу туралы, қала, ауыл аралық автобус қатынасын көбейту туралы, медицина қызметкерлерін әлемдік тәжірибелерге жіберуге, оқытуға, Ақтауда жаңа қалалық аурухана салу тиімсіз екенін, себебі облыстық аурухананың өзі қәзіргі таңда қарызға белшесінен батып отыр деген пікірлерін айтты, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басқа ғимаратқа көшіру туралы ұсыныстарын білдірді.
Ақ қанмен ауыратын балаларға емделуге көмек мәселелерін де көтерді.
Сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, өз ұсынстарымыз айтылды.
Қатысқан адамдар саны 47 адам.
Nur Otan Маңғыстау облысы
Nur Otan Aktau
#edilzhangbyrshin


