ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ.
«AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Молдағалиев Асхат Хамитұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, тұрғын үйді жөндеу, жұмыспен қамту және жеке мәселелері жөнінде өтініштер білдірді. Асхат Молдағалиев әр тыңдалған мәселенің мән-жайына орай түсінік беріп, мекеме басшыларына қолданыстағы заңнама аясында мүмкіндігінше шешуге көмектесуді тапсырды.

