ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін 29 желтоқсан күні сағат 15.00-17.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдау кезінде Күршім ауылының тұрғыны Сүлейменова Динара I топтағы мүгедектерге жаңа жылға кулек алып беруге көмек сұраса және Серменов Серік Исабекова көшесінде қосымша шамдар орнатылса деген өтініштерін білдірді.
Ұсыныс, өтініштер тиісті мекемелерге жолданатындығы туралы айтып түсіндірілді.
