ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін 29 желтоқсан күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Құйған ауылдық клубында сенімді өкіл Тақырбасова Қарлығаш Байзырахимқызы азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдау барысында Құйған ауылының тұрғыны Нәбиева Мәншүк ауылдың шеткері көшелерінде жол төсеу жүргізілсе деп сауал жолдаса Қапасова Гүлмира ауыл ішіндегі көшелерді қардан тазалап, көше шамдары жағылса деген өтініштерін білдірді.
Азаматтардың толғандырған сұрақтарына жауап беріліп, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.
Ұсыныс, өтініштер тиісті мекемелерге жолданатындығы туралы айтып түсіндірілді.
