ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін 28 желтоқсан күні сағат 15.00-17.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Марқакөл мәдениет үйінде сенімді өкіл Шаяхметов Медет Маратұлы азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдау барысында Марқакөл ауылының тұрғыны Оразиманова Әсел ауылдың негізгі көшелерінен, басқа көшелерге жарық тартылу іске қашан асырылады деп сауал жолдаса, Байгалиева Зоя ауылдың шеткері көшелерінде жол төсеу жүргізілсе және Чурчутова Айзада Зайсан ауданындағы газ шығарып жатқан жерден ауданымызға газ құбыры тартылса деген өтініштерін білдірді.
Азаматтардың толғандырған сұрақтарына жауап беріліп, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.
Ұсыныс, өтініштер тиісті мекемелерге жолданатындығы туралы айтып түсіндірілді.
