ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін 28 желтоқсан күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде сенімді өкіл Шоқаева Ләйлім Алтынғазықызы азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдау барысында Күршім ауылының тұрғыны Дайырбаева Айзада орталық ауруханаға педиатрлық учаскелер ашылып, Шугаева Камила ультра дыбыстық бақылау кабинеті ашылса деген өтініштерін білдірді.
Азаматтардың толғандырған сұрақтарына жауап беріліп, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.
Ұсыныс, өтініштер тиісті мекемелерге жолданатындығы туралы айтып түсіндірілді.
