АБИЛОВ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
«Nur Otan» партиясынан Мақтаарал аудандық мәслихатына ұсынылған үміткер Бауыржан Абилов Мырзакент кентінде тұрғындармен кездесу өткізді. Орталық алаңда өткен жиында үміткер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Үгіт-насихат жұмыстары барысында партия бағдарламасындағы басымдықтар баяндалып, атқарған істері дәріптелді. Үміткер жүзеге асқан жоспарлардың ішінде аграрлы сектор мен кәсіпкерлік саласының дамуына, әлеуметтік ахуалдың артуы мен денсаулық сақтаудағы қамқорлықтарға, білім мен спорттағы жетістіктерге кеңінен тоқтады.
Тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Алдағы саяси додада «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.
Айта кетейік, аталмыш кездесуге партияның Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев пен штаб мүшесі Меруерт Даубаева қатысты.
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
