Абешов Уалиолла
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болып жатырмыз. Осыдан былай ауыл тұрғындары өз дауыстарын беру арқылы сайлауға тікелей атсалысып қоймай, ауыл мәселесінің тиімді шешілуіне және әкімнің қызметінің барысын бағалап, жұмыстың нәтижесіне әсер ете алады. Егер сайланған әкім жұмысын ақсатса, оған сенімсіздік жариялап лауазымынан босатуға дейін мүмкіндігі бар. Сайлаушылар құқығын толыққанды пайдалану біздің міндетіміз.
Қазталов ауылдық округінің әкімдігіне кандидат Ернар Бахтиярұлы Галимовтың тікелей эфирде сайлауалды бағдарламасымен таныстық. Мен Ернар Галимовтың сенімді өкілі болғандықтан оның сайлаушылар алдында жауакершілікті толық сезінетініне кепілдік беремін. Білімді, атқарушы билікте тәжірибесі бар, адамгершілігі мол азамат ретінде білемін. Ернар бірінші кезекте халықтың мұң-мұқтажына байланысты мәселелерді қауымдастықпен ақылдасып шешіп отырады. Олардың қатарында көп жылдан бері шешілмей келген техникалық сумен тұрғындарды қамтамасыз ету. Қос өзеннің ортасында отырып, ауылды жарып орналасқан Қарасуды тұрғындардың пайдаланбауы түсініксіз жағдай деп есептеймін. Ауылды көгалдандыру, облыстық «Менің аулам – менің бағым» бағдарламасының орындалуы да осы мәселенің атқарылуына тікелей байланысты. Таза суды үнемдеуге де септігін тигізбек.
Екінші үлкен мәселе ауыл іргесіндегі «Солдат» көлін жемшөп қорын ұлғайтуда тиімді пайдаланып, заңдық талаптарға сай тұрғындардың иелігіне беруді ұйымдастыру.
Тұрғындардың малдарын бағуға жайылымдық жерлердің мәселесін шешу;
Мал иелерінің ауыл тазалығын сақтауда жауапкершіліктерін арттыру;
Барлық өмірлік тәжірибесін сайлауалды бағдарламаны және қордаланған мәселелерді халық өкілдерімен бірлесе шешілуіне аянбай еңбек ететініне және ауылдастарына адал қызмет ететініне сенім білдіремін. Сайлаушыларды Ернар Бахтиярұлы Галимовке дауыс беруге шақырамын.
Сенім білдірген өкілі, еңбек ардагері Уәлиолла Әбішев
