Абай челлендж
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.
Абай – қазақты, оның болмысы, келешегі туралы терең толғады. Елі үшін сүйінді, күйінді. Кемшілікті жанға батырып, бүкпесіз ашық айтты. Ұлы Абайдың шығармашылығы еліміздегі жастар арасында отанға, еңбекке, білімге деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды ілгерілетуге мүмкіндік береді. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай әлем және ел көлемінде өте көп түрлі іс-шаралар әлі де жалғасын табуда. Абай - дара тұлға. Оның бейнесі мен шығармалары қайталанбайды.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
– деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау — Абайды тану.
Абайды жас баладан , қарияларға дейін жырлайды.
Оның әрбір шығармасында, өлеңінде, толғауы мен күйлерінде, қара сөздерінде терең мағына жатқанын жақсы түсінеміз.
Абай шығармаларына челлендж тек биыл ғана емес, жылдар бойы осылай жалғасын табуға лайық.
#Абайчеллендж
