"АҚЖОЛДЫҚТАР" "НҰР ОТАНДЫ" ҚОЛДАЙДЫ
"Ақ жол" фирмасы Түркістан қаласының дамуына, көркеюіне үлес қосып келе жатқан ұжымдардың бірі. Бүгін аталған ұжым мүшелері тек құрылыс саласында ғана емес, саяси жүйеде де белсенді екендіктерін көрсетті.
Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер, "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұманмен кездескен "ақжолдықтар" партияның жаңа бағдарламасын қуана қолдайтындықтарын айтып, бас партия үшін дауыс беруге дайын екендіктерін атап өтті.
