АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін "Nur Otan" партиясы Ақжайық аудандық филиалының XXVІ конференциясы өткізілді. Конференция барысында 4 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов "Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының сайлауалды бағдарламасымен қысқаша конференция делегаттарына таныстырып, конференция делегаттары сайлауалды бағдарламаны бекітті. Конференция барысында облыстық мәслихатқа үміткерлер арасында ашық пікірсайыс оздырылды. Пікірсайыстан соң конференция делегаттары 6 үміткерге праймериз жүйесі арқылы дауыс беру арқылы өз дауыстарын берді. Жоғарғы дауысқа ие болған үміткер Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясына Қазақстан Республикасы Парламентті Мәжілісінің партиялық тізіміне пікірсайысқа қатысушы ретінде Сундетова Сабира Омиргалиевна ұсынылды.
Сонымен қатар Ақжайық аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімі және облыстық филиалдың кезектен тыс конференциясына делегаттарды сайлады. Партиялық тізімге енген 24 үміткердің 14,4% әйелдер,яғни әйелдер үлесі 2 есеге артты. 35 жасқа дейінгі жастар үлесі 25,7%,яғни 6 есеге артты.
Конференция қазіргі елдегі жағдайды ескере отырып, барлық санитарлық талаптарды, әлеуметтік қашықтықтарды сақтай отырып өткізілді.
