Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АҚЫН – ЕЛДІҢ АРДАҒЫ

IMG 0927 АҚЫН – ЕЛДІҢ АРДАҒЫ

№ 67 ГИМНАЗИЯДА «АҚЫН – ЕЛДІҢ АРДАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ. ОҒАН ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ, ЖАРТЫ ҒАСЫР БОЙЫ ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП, ШӘКІРТТЕРІНЕ ТУҒАН ТІЛ МЕН ӘДЕБИЕТТІҢ МӘЙЕГІН СҮЗІП БЕРГЕН ТІЛЕУБЕК ЫСҚАҚОВ, АҚЫНДАР – «АБАЙТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ АЛМАХАН МҰХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ШАБЫТ» ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЛАУРЕАТЫ АСЫЛЗАТ АРЫСТАНБЕК ҚАТЫСТЫ.

Гимназияның қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Гүлім Әбдіғалиева ұйымдастырған кездесуде алдымен оқу орнының жас  буын қаламгерлері өнерлерін көрсетті. Кеш қонақтарының шығармаларын Назерке Әбдікәрімова, Айтолқын Өтеулина, Асқар Әли сынды оқушылар мәнерлеп оқыған соң кезек «өлеңге таласы бар» оқушыларға берілді. Онда қалалық ХVІ Тілдер фестивалінің аясында өткен жас ақындар мүшәйрасына қатысқан Абзал Орынбасаров, Аяжан Дәуренқызы ана тілі, ел мен жер туралы өлеңдерін оқып, қабілеттерін байқатты.  Әсем ән де әуеледі. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
762

Еще по теме

АҚЫН – ЕЛДІҢ АРДАҒЫ - Yvision.kz