АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА 2 МЫҢ КӨРЕРМЕНГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ДРАМА ТЕАТР АШЫЛАДЫ
«Nur Otan»-ның мәдениетке, өнерге, мәдени құндылықтарымыздың сақталуы мен өркендеуі жолындағы мүдделі жұмыстарын таныстыру мақсатында Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының шығармашылық ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Шара онлайн түрде, облыстық сайлауалды штаб мүшелері Сағыныш Төралиев, Бекбол Базарбаевтың қатысуымен 29 желтоқсан күні «Zoom» платформасы арқылы жүзеге асырылды.
- «Nur Otan» партиясының жұмысы толығымен жаңарды, жаңғырды. Алғаш рет праймериз өтті. Партияның жұмыс жасау үрдісі ескірген деген стереотип жойылды. Керісінше, биылғы сайлауалдын партияның мүлдем жаңарған форматта жұмыс жасап жатқанына көз жеткіздік. Өткенде партия төрағасының бірінші орынбасары өңірімізге келген жұмыс сапарында «проблемадан қашпау керек, одан да сол мәселеге тіке қарап, оның шешімін қарастыру керек» деген еді. Осы сөзден-ақ партияның ел дамуына үлкен үлесін қоса беретінін аңғарамыз, - деді Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының бас режиссері Гүлсина Мерғалиева.
Театр ұжымы кез келген нәтиже үлкен еңбекпен келетінін айтып, партия жұмысына сәттілік тіледі. 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, партияны қолдайтындықтарын жеткізді.


