Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АҚТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША "АДАЛДЫҚ-АЛАҢЫ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ 2020ж ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Ақтау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі ағымдағы жылы кеңсенің және қоғам белсенділерінің атқарылған жұмыстары туралы хабарлады.

Айтбай Қанат Сәлімгерейұлының пікірінше, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында қалалық және қала төңірегіне кіретін ауылдық округтер «Ашық әкімдік» форматындағы сервистік модельге көшті. Қызмет көрсетудің бұл түрі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жедел әрі кедергісіз алуға және «бір терезе» қағидаты бойынша түсіндіруге мүмкіндік береді. Әкімдіктерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Келесі жылы сервистік модельге көшу бойынша жұмыстар жалғасын табады.Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың сенім деңгейін одан әрі арттыру мақсаты келер жылыда басты назарда болмақ.

«Бюджет процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында жобалық кеңсе келер жылы «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасын іске асыру бойынша жұмысын жалғастырмақ. Интерактивті картада Ақтау қаласының барлық мемлекеттік мекемелері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары тіркелетін болады.

Осы күнге дейін «Ақтау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қажеттіліктегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға, оның ішінде дәрілік, жеке қорғаныш құралдарына баға белгілеуге, қашықтықтан оқыту жүргізу үшін компьютерлік техниканы сатып алу және тарату, әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді, сумен жабдықтау желілерін, жолдарды және т.б. салу және жөндеу жұмыстары бойынша жоспарлы түрде мониторинг жүргізді. Сонымен қатар «Antikor LIVE» жобасы шеңберінде барлық деңгейдегі әкімдер бекітілген кестеге сәйкес «Антикор Орталығы» алаңдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыстар жайлы апта сайын есеп беріп отырды. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттау шеңберінде қаланың қомғамдық көліктерінде парақшалары ілінді.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Ақтау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның облыстық филиалымен, көліктік бақылау инспекциясымен бірге билетсіз жолаушыларды анықтау мақсатында рейд өткізді.Нәтижесінде “Өзен-Болашақ” бағытындағы кезекші жол серіктерінің пойызға билетсіз мінген екі жолаушы анықталды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да жұмыс істейтін кезекші жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Айта кетсек, алдағы уақытта да «Ақтау – адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі аясында жас ұрпақтың санасына әділдік, парасаттылық, адалдық ұғымдарын қалыптастыруға әрі тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табады.

0
0
230

Еще по теме

АҚТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША "АДАЛДЫҚ-АЛАҢЫ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ 2020ж ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ - Yvision.kz