АҚТӨБЕЛІКТЕР «NUR OTAN»-ДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының сайлауалды штабының желілік кестесіне сәйкес аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Жангелді Нұров Ақтөбе ауылының тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Кездесуде күш атасы Қажымұқан атамыздың жерлестері ағын су, жайылымдық жер, мал басын көбейту мәселелері бойынша сауалдар қойып, тұщымды жауаптар алды.
Айта кету керек бүгін ақтөбеліктер көптен күткен табиғи газға қол жеткізіп, үлкен қуанышқа кенеліп отыр. ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесімен қатар келген осынау тарихи сәтті тұрғындар ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарлап берген салиқалы саясатының жемісі деп біледі. Сондықтан да ақтөбеліктер еліміздің бас партиясы «Nur Otan»-ға дауыс беруге ниетті.
