АҚТӨБЕДЕ ЖЫЛ САЙЫН ПОЙЫЗДАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ
Бұл туралы әлеуметтік желіде тікелей эфирге қосылған Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Райса Байлиева хабарлады. Оқырмандарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, бағдарламаны таныстырды.
Ақтөбе қаласы елдегі ең ірі теміржол торабының бірі болып
табылады. Облыс орталығында республиканың барлық аймақтарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен және Өзбекстанмен байланысқан жеткілікті кеңейтілген теміржол желісі бар.
- Транзиттік-көліктік әлеуетті жақсартамыз. Бағдарламада көрсетілгендей, Ақтөбе вокзалы арқылы 36 пойыз, олардың 7-і халықаралық, 7-і республикалық, 4-і әлеуметтік маңызы бар ауданаралық «Ақтөбе-Шалқар» қатынасында жүреді. Күн сайын жирыма пойызға дейін қатынайды екен. Теміржол көлігінің инфрақұрылымын жақсарту үшін жыл сайын 30 жаңа вагон сатып алу арқылы пойыздарды жаңартады. Пойыздардың жылдамдығын арттыру үшін заманауи жоғары тиімді көліктік жүйелерді енгізеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай теміржол қатынастары бойынша жолаушылар мен жүк ағыны ұлғайтылатын болады,-деді ол.
Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы әуе көлігінің инфрақұрылымына да ерекше назар аударып отыр.
