АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЖАЙЛЫ АЙМАҚҚА АЙНАЛАДЫ

Берік Көздігарин бағдарламада көрсетілген негізгі бағыттарға тоқталып, Nur Otan партиясы азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, облыс тұрғындарын орталықтандырылған сумен, көгілдір отынмен қамтуды, таза ауа мен сапалы жолдарға қол жеткізуді басты назарға алып отырғанын жеткізді.
— Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей өңірде жолдардың сапасын жақсарту үшін 2025 жылға дейін бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Оның ішінде Нұр Ақтөбе ауданында келер жылы 5,7 шақырым, Ал Батыс-2 ауданында 5,4 шақырым жол салынып, 2021-2023 жылдары Ақтөбе қаласының батыс айналма жолында 10,5 шақырым жолдың құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар алдағы екі жылда Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік көшесінде 3 шақырым автомобиль жолын қайта құру жоспарлануда, — деді.
Тікелей эфирде үміткерге тұрғындардан бірқатар сауалдар келіп түсті. Оның ішінде бір топ тұрғын пандемия кезіндегі көмек жайын сұраса, Ақтөбе қаласы Набережная көшесінің тұрғыны 11-шағын аудан арқылы жүретін №27 автобустың уақыт интервалы ұзақ екенін айтып, қоғамдық көлік мәселесін шешуді өтінді. — Биылғы пандемия кезінде партия жанынан «Біз біргеміз» қоры құрылып, қорға жиналған қаржы облыс тұрғындарына 7 категория бойынша берілді. Ол үшін арнайы тізім жасалып, кімдердің қаржылай көмекке ие болатындығы анықталды. Жалпы осы тізім бойынша мыңдаған ақтөбелік, оның ішінде аз қамтылған, көпбалалы, мұқтаж отбасыларға 50 мың теңгеден көмек берілді.
Ал қоғамдық көлік мәселесіне келсек, жоғарыда қойылған сауал бойынша жауапты тұлғаларға бұл мәселені жеткізетін боламыз. Жалпы бұл мәселе бойынша партия алдағы бес жылда азаматтардың жекелеген санаттары үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етпек. Осылайша, өңірде зейнеткерлерге, көпбалалы аналарға қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беріледі, — деді Сұлупан Панақызы.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
