АҚТӨБЕ – ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАЛАРЫ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Nur Otan партиясы атынан Ақтөбе облыстық мәлихат депутаттығына үміткерлер Әкімжан Есенаманов, Азамат Адаев және Қазыбек Әлішев мұғалжарлықтармен онлайн кездесті. -Жол – әрбір аудан өмірінің басты күретамыры. Ауданның барлық ауылындағы тұрғындар үшін сапалы жолдар мен жақсы инфрақұрылым болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы аудандық және ауылішілік көлік жолдарын жөндеу мәселесін шешетін болады. 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 38,7 пайыздан 60,1 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді, - деді Қазыбек Әлішев. Мұғалжарлық сайлаушылар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өнер орталығын салуды, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы туралы сұрады. Ауданда бұл бағыттағы жұмыс жоспары бар. Мәселен, 2021-2022 жылдары Қандыағаш қаласында дене шынықтыру сауықтыру кешені салынады. 2025 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен жекпе-жек және пауэрлифтинг залы бой көтереді. Ақкемер, Сағашилі, Қожасай, Алтынды, Құмжарған ауылдарында спорт алаңы қолданысқа беріледі.

