Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АҚШАТАУ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ойыл ауданы Ақшатау елді мекенінің орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрлыс жұмыстары мен жұмыс барысына партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді. Ақшатау елді мекнінің ауыз су жүйесіне бақылау жасаған топ мүшелері «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин, Аудандық мәслихат хатшысы Еркін Жиеналин, Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Танат Нұрымгереев, Ойыл аудандық ардагерлер Кеңесі төрағасы Сәрсенбай Аманғосов. Ауыз су бүгінде халықтың игілігіне жыл аяғына дейін берілу жоспарда бар. Бұрынғыдай күннің аптаб ыстығы мен қыстың аязында тоңып даладан су таситын халық қазір ауыз суды үйлеріне кіргізу жұмыстарын бастап кеткен. Шалғай елді мекендерді жаңа заман талабына сай жабдықтау арқылы халқытың ауылдық жерде тұрақтауына үлкен мүмкіндіктер туып отыр. Ақшатау орталықтандырылған ауыз су жүйесі республикалық және облыстық бюджетпен қаржыландырылған. Жобаның жалпы құны 361, 450 млн теңгені құрайды. Тапсырыс беруші "Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі" ММ. Су жүйесін тартуға жауапты мердігер компания «Ақпан» ЖШС өз жұмысын сапалы деңгейде жасап жатқанына партия бақылаушылары көз жеткізіп қайтты. Партия мүшелері жергілікті тұрығндармен де тілдесіп ауыз су жүйесі туралы пікірлеріне құлақ түрді. Жергілікті халықтың айтуынша сырттан су тасып әуре-сарсаңға түспей, тіршілік көзінің үйге кіріп күнделікті тұрмыстың жеңілдейтініне қуанышты екендіктерін жеткізді.

0
0
202

Еще по теме

АҚШАТАУ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ - Yvision.kz