АҚСҰЛУ ШАМЕНҚЫЗЫ КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДІҢ ҮЙІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ
Бүгінгі күні әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы еліміздің жалпы іскерлік ахуалымен тығыз байланысты болып отыр. Бұл еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктегі әйелдер үлесінің артуымен дәлелденген. Осындай кәсіпкерліктің бірі, қолдарынан шеберлік тамған әйелдерден құрылған Касымбекова Кермекас кәсіпкер апайымыздың үйінде "Nur Otan" партиясының үміткері - Күзембаева Ақсұлу Шаменқызы канвассинг-кездесу өткізді. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге үлкен қызығушылық танытып, құнды ойларымен бөлісіп, әйелдер мүмкіндіктерін кәсіпкерлікте ынталана іске асыру жолдарын талқылап, сұхбаттасты. Әрине, жақсы бастамалар нақты қолдау мен көмекті қажет етеді.
