АҚКЕТІКТЕГІ ҚАБЫЛДАУЛАР
Аудан орталығындағы негізгі жұмыстарым оңтайланған соң тілек білдірген екі-үш азаматпен кездесіп, қоғамдық қабылдау жүргіздім.
Ақкетік - қала мәртебесін жуырда ғана ауылға ауыстырған үлкен елді мекен. Көпшілік болған соң мәселе де әр алуан.
Мәселен, аудандық әкімдіктің спорт бөлімінде қызмет ететін Азамат Төленов есімді жігіттің арманы Елбасымыздың "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелде білім алу екен. Менеджемент мамандығы игерген Азаматтың талабын құптадым. Қазіргі күні Маңғыстау облыстық телеарнасын басқарып отырған ініміз Бекзат Жүсіповтің "Болашақ" түлегі екені есіме түсіп, Азаматты сол жігітпен кездестіруге уәде бердім. Жалпы, "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға құштар жастар үшін нұсқаулық немесе ойталқы ұйымдастырылса көптеген жастарға пайдалы болғалы тұр екен.
Қабылдауға келген екінші азаматтың аты-жөні: Фариза Ержанқызы. Бір жыл бұрын туған жездесін машина қағып кетіпті. Д. Төлегенов есімді азамат жеңіл-желпі жарақат алдым деп ойлап, кешірім беріп жіберіпті. Енді сол кезде алған жарақаты ауырып, сол жақ қол-аяғының тамыры үзіліп, денсаулығы мазалап жүр екен. Тұйық шеңберге түскен азаматтың тағдырына шын алаңдадым. Мәселені тиісті орындарға жеткізуге уәде еттім.
Nur Otan
#NurOtan
#Сапарбаян
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз


