Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР!

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР!

Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама.

Кез - келген адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен аялы алақандарының жылуын сезінеді. Олардың көмегімен тоқтаған жүректер қайта соғып, үзілген үміттер жалғанады. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай қиналған ауруынан айықтырып, жанына - дауа, тәніне - шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалайтын ақ халатты абзал жандар.

Бүгін осындай ақ халатты абзал жандармен кездесудің сәті түсіп, «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Одан басқа тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға байланысты, дәргерлерге халықтың көзқарасы туралы, тағы сол сияқты әр түрлі тақырыпта әңгіме қозғалды. Дәргерлердің сұрақтарына жауап беріп, жұмыстарына сәттілік тіледім.

Сынаққа толы сәттерде науқасты емдеуге барын салуға серт берген жандардың абыройы асқақтай берсін!

Біз біргеміз!

0
0
131

Еще по теме

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР! - Yvision.kz