АҚБИІК ЖӘНЕ ШАҚПАҚ АУЫЛЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ.
Нұротандық үміткер І.Мамбетовтың агитациялық кездесуі Ақбиік және Шақпақ ауылында жалғасын тапты. Кездесу барысында үміткерге ауыл тұрғындары тілектері мен ұсыныстарын білдірді.
Үміткер партияның сайлауалды бағдарламасындағы жоспарлар кезең-кезеңімен 2025 жылға дейін толығымен жүзеге асыралатындығын алға тартты. Оның ішінде шағын және орта бизнес, ауылшаруашылық, медицина, білім саласы бойынша атқарылатын жұмыстар көп екендігін жеткізді. Тұрғындар партияға қолдау көрсететіндігін атап өтті.
