АҚБЕРДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ
Кездесуде сенім білдірген адамдар кандидаттың өмірбаяны, сайлауалды платформаның идеялары мен бағдарламалық мақсаттарын түсіндірді.
Бірінші қағидат – ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. Біз саяси жаңғыруды жүйелі түрде жалғастырамыз. Мемлекеттік аппараттың тиімділігін жақсартамыз. Сот билігінің тәуелсіздігін нығайтамыз. Құқық қорғау саласында түбегейлі реформа жүргізіп, армиямыздың қорғаныс қабілетін арттырамыз.
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын одан әрі орнықтыру үшін тың шаралар қолға алынады. Сол арқылы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығаяды.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың ұсынып отырған сайлауалды бағдарламасының екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА-да мемлекет кәсіпкерлікті ынталандыруға және оны қорғауға бар күш-жігерін салатын болады.
Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалатындығын және бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруға кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылатындығын атап өткендігін айтты.
Кездесу соңында 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.
#Toqaev2022
