Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Қаһарлы күрес Павлодарда

23 наурыз күні Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Қаһарлы күрес» атты аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Жарысты Павлодарлық «Ахмат» аралас жекпе-жек және кәсіби бокс клубы Павлодар қаласының әкімдігінің көмегімен ұйымдастырды.

«Ахмат» аралас жекпе-жек және кәсіби бокс клубының басшысы, ММА федерациясының президенті Сұлтан Ичиев өз сөзінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа алғысын білдірді. «Елбасымыздың саясатының арқасында елімізде спорттың дамуына барлық жағдайлар жасалып жатыр, жаңа спорт залдар, алаңдар салынып, спортышларға тиісті көңіл бөлінуде. Президентіміз жастардың интелектуалдық және физикалық шамаларының дамуына үлкен көңіл бөліп отыр», -деді ол өз сөзінде.

Жарысқа қатысу үшін Қазақстанның қалаларынан, Ресейден, Украинадан, Тәджікістаннан, Қырғыстаннан және Бразилиядан спортшылар келді. Турнирдің басты шайқасы -муай-тай бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері Бразилиялық Жозе Маркус Сантьягом мен ММА бойынша Еуразия чемпионы, «Ертіс үшін Қаһарлы күрес» атты чемпионатынның бірінші маусымының жеңімпазы Фаниль «Ноғай» Рафиковтың арасында өткен жекпе-жек 3 раундқа созылып, жерлесіміздің жеңісімен аяқталды. Жарыста өткізілген 12 жекпе-жектің 11-інде Қазақстан және Ресей қалаларындағы «Ахмат» клубтарының сарбаздары жеңіске жеткен болатын.

Турнирдің басты қонақтары- Павлодар қаласының әкімі Б.Бакауов, олимпиада чемпионы С.Сәпиев, GGG командасының кәсіби боксшысы Р.Мәдиев жарыс жеңімпаздарын марапаттады.

Жарыс билеттерінен түскен ақшаны ұйымдастырушылар бала емдеу үшін ақшадан зәру екі отбасына бөліп берді.

1
0
679

Еще по теме

Қаһарлы күрес Павлодарда - Yvision.kz