Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

А.Ахметжанова

Мен,Ахметжанова Алмагүл бүгін яғни жаңа жылдың алғашқы жексенбісі күні Зайсан қаласында тұратын еңбек ардагерлері,ерлі-зайыпты Дауымов Камалбек Айшабекұлы мен Базмұханбетова Әйгерім апайдың шаңырағында болып,"Нұр Отан"партиясының сайлау алды бағдарламасымен таныстырып,сұхбаттастым.Олар Зайсан өңірінің әлеуметтік -экономикалық дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қосқан адамдар.Камалбек Айшабекұлы ұлағатты ғұмырының басым бөлігін жол жөндеу

саласына арнаған.Ол

Зайсан қаласында орналасқан ДЭУ -38 мекемесінде тапжылмай 37 жыл бас инженер болып қызмет атқарған Қазақстан Республикасының "Құрметті жолшысы"төсбелгісінің иегері,"Қазақ автожолының "құрылғанына бес,он жыл толған мерекелік медальдарының иегері.Осы сала Министрінің Құрмет грамотасымен,облыстық филиалдың бірнеше мәрте арнайы грамоталарымен марапаталған.Ал өмірлік қосағы,"Нұр Отан"партиясының белсенді мүшесі Базмұханбетова Әйгерім апай аудандық статистика басқармасында 35 жыл қызмет атқарған еңбек ардагері.

Ұлағатты өмірлері,өнегелі еңбек жолдарымен жерлестерінің құрметіне бөленген бұл отбасы еліміздің өркендеп,гүлдене беруі үшін сайлауға ұйымшылдықпен қатысып,дауыстарын беретіндерін айтып,халық қалаулысы болып сайланатындарға сәттілік тіледі.

0
0
139

Еще по теме

А.Ахметжанова - Yvision.kz