АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЙТАРЫ КӨП
Бүгін «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Ержан Құдайберген Төлепұлы Шардара ауданында еңбек ардагерлерімен, көп балалы отбасылармен кездесу өткізді.
Бір кездері еңбектің көрігін қыздырған қазыналы қарттармен кездесу барысында жерлесіміз партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы кеңінен тарата айтты. Сонымен бірге оларды сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
–Қарты бар елдің қазынасы бар,-демекші, біз қарияларын сыйлап өскен халықпыз. Өз замандарында елдің экономикалық дамуы үшін аянбай еңбек еткен жандар ендігі күнде бақытты ғұмыр кешуі тиіс. Сонымен бірге қазақы құндылығымызды сақтаймыз десек, ол кісілердің іс-әрекетінен ғибрат алуымыз керек. Бұл әсіресе өскелең ұрпақ үшін тәлім болмақ.
Көп балалы отбасыларға қолдау көрсету – әркезде партияның күн тәртібінен түскен емес. Алдағы уақыттары да сол бағытта жұмыс істейміз,-дейді Қ.Ержан.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
