Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АҒА БУЫНҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТУ - «NUR OTAN» НАЗАРЫНДА

Қалалық мәслихат депутатына кандидат Тілектес Болатбаева мен Айсұлу Исаева Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы, ардагер, журналист Асылбек Айдаровтың шаңырағына арнайы барды. Ақсақалдың хал-жағдайын сұрап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жайында әңгіме-дүкен құрды. Қоғамның белсенді тұлғасы ретінде сайлауға қатысуға шақырды. Ақ батасын алды.

Партия ардагері партияның атқарып келе жатқан игі істерін, өлкетануды өрістету, төл руханиятымызды дамыту туралы өрелі ойын ортаға салып, қаламыздың дамуына қатысты аманатын жеткізді.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында аға ұрпаққа қамқорлық жасау ортақ міндетіміз екені баса көрсетілген. Партияның бұл тұрғыда «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы бар. Жоба аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасалады. Барлық жалғызбасты және аса мұқтаж қарт азаматтарға атаулы көмек көрсетіледі. Ынтымақты зейнетақыға жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ке индексация жүргізіліп, зейнетақынын ресімдеу электронды түрде көрсетілетін болады. Қарттардың ауруларын емдеуге мамандандырылған медициналық кадрларды даярлау ұйымдастырылады. Әр өңірде егде жастағы адамдар үшін олардың өмір сапасын, дербестігін, денсаулығын күту мен нығайтуды жақсарту мақсатында белсенді ұзақ өмір орталықтары ашылады. «Еңбек ардагері» санаты зейнеткерлік жасқа толған және мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтармен толықтырылады.

0
0
218

Еще по теме

АҒА БУЫНҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТУ - «NUR OTAN» НАЗАРЫНДА - Yvision.kz