Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

99. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(26.06.1956 ж.т., қазіргі Бөкей Ордасы ауданы, Орда ауылында) – ауылшаруашылығы маманы. Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтының экономика факультетін бітірген. 1977 ж. Бөкей ордасы ауданы, Т.Масин атындағы кеңшарда бас экономист болып еңбек жолын бастады. 1984-85 ж. Орда аудандық халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің төрағасының орынбасары, аудандық жоспарлау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Кейін партия жұмысына алынып, Орда кеңшары партия ұйымының хатшысы болып сайланды. Алматы Жоғары партия мектебін бітіріп, Орда аупартком хатшысы болды. 1991-2000 ж. аудандық ауылшаруашылығы басқармасының орынбасары, аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, 2000-2004 ж. облыстық қаржы басқармасында бөлім меңгерушісі болды, 2004 жылдан бастап облыстық табиғат пайдалану бөлімінің бастығы, табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары болды.

Н.Жабасоваға Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 қазандағы №31-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
159

Еще по теме

99. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz