0
3/31/2023, 1:24 PM
Книги
"Ұр, тоқпақ" ертегісі театр сахнасында
Қазақ халық ертегілері — ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады.
Бала тәрбиесінде ертегінің атқарар рөлі зор. Оны ертеден - ақ тәрбие құралы ретінде қазақ халқы ғана емес, барлық ұлт, бүкіл ел қолданып келеді.
Осы ретте, үйде балама ертегіні тек өзім оқып бріп қана қоймай, сонымен қатар, балада визуалды ойлау қалыптасу үшін әрі тәрбиелік мәні зор болу мақсатында Мемлекеттік қуыршақ театрындағы "Ұр, тоқпақ" ертегісінің желісімен қойылған спектакльге апарған болатынмын. Балама қатты ұнады. Себебі, актерлер өз рөлдерін сондай шынайы ойнайтыны соншалық, бала тұрмақ үлкендер де қызығып көретіндей.
Қойылымның инсценировка авторы – ақын Қа­сымхан Бегманов. Спек­­такльдің суретшісі – Ал­ты­­най Жү­сіпәлі. Қойы­лым­­­ды музыкамен көр­­кем­­дегендер – Бақберген Бай­­­шы­ғаш пен Аршын Жол­дасхан. Туын­дыны режиссер Еркебұлан Қаб­дыл сахналаған.
P.S. Қуыршақ театрының плакатында әлемнің әртүрлі авторларының танымал туындыларының классикалық және қазіргі заманғы түсіндірмелері бар. Сіз қуыршақ сахналық өнерінің отандық және шетелдік шеберлерінің жұмыстарын тамашалай аласыз.
app.post.show.fully

Comments

Login to comment