Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

98. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(21.09.1945) - мұғалім, аудандық халық оркестрінің мүшесі. Орда ауданы № 88 зауыты, Әжен ауылында дүниеге келген. 1952-1956 жж. «Алғашық» бастауыш, 1956-1962 жж. М.Горький атындағы Орда орта мектебінде оқып 10 жылдық білім алған. 1962-1967жж. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетінде математика, сызу пәнінің оқытушысы мамандығын меңгерген. Еңбек жолын 1967 жылы Б.Жәнекешев атындағы орта мектепте оқытушы болып бастап, 1968-1974 жж. Орда санаториялық мектеп-интернатында оқытушы-тәрбиеші, аға тәрбиеші, 1974-1976 жж. М.Мәметова, Б.Жәнекешев, М.Горький атындағы Орда орта мектептерде мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1984-1986 жж. Искра орта мектебінің директоры болып жұмыс істеген. 1986-1990 жж. халық депутаттары Мұратсай селолық кеңесінің төрайымы, 1990-1991 жж. аудандық білім қоғамының жауапты секторы, 1991-1992 жж. халық депутат аудандық атқару комитетінде референт, 1992 жылдан аудан әкімшілігінде инспектор, 1996 жылдан аудан әкімі аппаратында ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінде инспектор, І дәрежелі маман, 1998-2004 жылдары бас маман қызметін атқарған. 2004 жылы зейнеткерлікке шыққан. Аудандық халық оркестрінің мүшесі. Еңбек еткен жылдары оркестрдің құрамында 1970 жылы Оралда, 1971 жылы Алматыда өткен телевизиялық байқауға қатысқан. 1982 жылы КСРО-ның құрылғанына 60 жыл құрметіне Мәскеуде өткен Қазақстанның күндерінде Орда халық оркестрі Қазақстан өнерпаздары делегациясы құрамында барған. Соған орай Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалімен, облыстық мәдениет басқармасының Алғысхатымен марапатталған. Бөкей ордасының 210 жылдығына орай төс белгімен, Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына орай мерекелік медальмен наградталған.

Б.Бекееваға Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 қазандағы №31-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
148

Еще по теме