Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

97. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

1949 жылы 6 шілдеде Бөкей ордасы ауданы, Шоңғай ауылында дүниеге келген. 1966-70жж. алғашқы еңбек жолын өндірістік шаруашылықта тракторшы, ферма есепшісі болудан бастап, Қарағанды қаласындағы жылу электр орталығында қазан машинисті ретінде жалғастырды. 1970-75жж. Қарағандыдағы политекникалық институттың студенті атанып, инженер-құрылысшы мамандығын алған. 1975-76жж. Шыңғырлау ауданында ГПТУ-87 оқытушысы, 1976-78жж. Сайқын ауылында ПМК-818 бас инженері, 1979-81жж. Орда ауданының бас сәулетшісі, 1983-93жж. Бөкей ордасы ауданыныың ауыл шаруашылығы басқармасында бас инженер-құрылысшы қызметтерін атқарды.

1993-98жж. Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары, 1998-2004жж. БҚО экономика басқармасының бас маманы, 2004-2006жж. БҚО құрылыс, сәулет, қала құрылысы басқармасының бас маманы, 2006-2008жж. БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде инвестиция бөлімінің жетекшісі болды. 2008-2016жж. «Сарсенов Т.Н.» жеке кәсіпкерлігімен айналысса, 2016 жылдан қазіргі кезге дейін «АНТинжсервис» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы.

Кәсіби қызметін атқару барысында көптеген әлеуметтік нысандар мен халыққа қажетті ғимараттардың құрылысында қолтаңбасын қалдырған майталман маман, тәжірибелі тәлімгер. Совет Одағаның маршалы Г.К.Жуков медалінің иегері және «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағы бар.

Т.Сәрсеновке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы №28-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
137

Еще по теме