96. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1947, Орда ауд., Бисен а/к, Жиеқұм а.) 1963 жылы Темір Масин атындағы сегізжылдық мектепті, 1967 жылы Ақтөбе педучилищесін бітірген. 1967-1968 жж. Т.Масин атындағы орталау мектепте бастауыш сынып мұғалімі. 1968-1970 жж. КА қатарында. 1972-1977 жж. Орал пединститутының биология-география факультетінде оқыған. 1979 ж. Т.Масин атындағы орталау мектебінің директоры. 1982-1990 жж. М.Бегалиева атындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, 1990-1993 жж. Искра орта мектепте директор, 1993-2010 жж. Б.Жәнекешев атындағы орта мектепте директор, мұғалім. 1990 жылы "Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері" белгісімен, 2005 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Алғыс" хатымен, 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғысымен, 2008 жылы "Нұр Отан" ХДП Бөкей Ордасы аудандық филиалының "Алғыс хатымен", 2004 жылы "Үздік бапкер" төсбелгісімен марапатталды.
Х.Сабыровқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы №28-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
