92. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1955 ж.т., Бөкей ордасы ауд.) – жергілікті басшы. 1976 ж. Орал пединститутын тәмамдағаннан кейін мұғалім, Орда аудандық комсомол комитетінде жауапты қызметкер болған. 1981 ж. Орда аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1984-1991 ж. аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1991-1992 ж. Қазақстан Социалистік партиясының Орда ауданы бойынша координаторы, бұдан соң аудандық жұмыспен қамту орталығының инспекторы, аудандық мәслихаттың аға маманы болды. 1994-2002 ж. аудандық еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің, 2002-2003 ж. Бөкей ордасы аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, 2003-2004 ж. аудан әкімі аппаратында бас маманы, 2004-2006 ж. аудан әкімінің орынбасары, одан соң аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы қызметін атқарды.
Ж.Еркеғалиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы №19-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
