Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

90. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(26.03.1956ж. Шоңай а.) 1978-1980 ж. КСРО ІІМ-нің Астрахань орта арнаулы милиция мектебі, 1986-1991жж. Қарағанды жоғары мектебін бітірді. 1976 жылы Орда аудандық ішкі істер бөлімінде ІІ дәрежелі милиционер, 1980-1981 жж. Жәнібек АІІб мемлекеттік бақылау инспекторы, 1981-1983 жж. Орда АІІб профилактикалық қызметінің инспекторы, 1983-1989 жж. қылмысты анықтау тобының аға жедел уәкілі, 1989-1992 жж. Орда АІІб бастығының орынбасары, 1992-2009жж. Орда АІІб бастығы болды. 2005 жылы полиция полковнигі шені беріліп, 2009 жылы доғарысқа шықты.

1980ж. Мәскеу олипиадасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда үздік қызмет атқарғаны үшін "Алғыспен", 1985, 1990 жж. "Мінсіз қызметі үшін" ІІІ, ІІ дәрежелі медальмен, 2002 ж. "Ішкі істер органында үздік қызметі үшін", 2003ж. "85 лет уголовному розыску", 2004ж. "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгілерімен, 2005ж. "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", 2007ж. "ҚР ІІ органдарының ардагері", 2008ж. "10 жыл Астана", "Қазақстан Полициясына 20, 25 жыл" медальдарымен марапатталған.

И.Беккалиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы №19-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
188

Еще по теме

90. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz