89. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(23.02.1940 ж. БҚО, Қаратөбе ауд., Егіндікөл кенш.) - мұғалім, бапкер. Әкесі Бисенбин Қожағали және інілері Құрмет, Тоқсанбай - үшеуі де Ұлы Отан соғысына кетіп оралмаған. 1942 жылдан 1959-60 жж. балалар үйінде тәрбиеленген. 1960-1961 ж. Орал облысының чемпионы атағын жеңіп алған. 1960-1961 жж. Оралдағы № 11 су училищесінде оқыған. 1961-1964 жж. әскерде болған. 1964 ж. Орал ауылшаруашылық институтына түсіп агроном-ғалым мамандығын алған. 1965 ж. денсаулығына және отбасы жағдайына орай сырттай оқуға ауысқан. 1965 жылы облыстық білім бөлімінің жолдамасымен Ордадағы сауықтыру мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әрі бокстан бапкер болған. 1972 ж. Жәнібек аудандық коммисариаттың жолдамасымен офицерлік курста оқып, 1972-1986 жж. М.Горький атындағы орта мектепте әскери жетекші. 1977-1979 жж. Орда аудандық Пионер демалыс лагерінің директоры. Облыстық, аудандық партия, кәсіподақ, аудандық білім бөлімінің марапатына ие болған. 1980 жж. УПИ-ден тарих пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерген. Әскери жетекші ретінде Орал Әскери коммисариатының, Облыстық оқу білімінің, Облыстық атқару комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 1981 жылы ҚР ЦК ДОСААФ ұйымының басшысы болған генерал-майор Байтасовтың Құрмет грамотасының иегері және заттай сыйына ие болған. Боксты 5 сыныптан бастап кәсіп еткен Береген Қожағалиұлы бапкерлікке әскер қатарында және БҚО Орал АШИ-да істеген. Ордаға баскетбол ойынының ережесін алғашқы алып үйреткендердің бірі. Б.1988 жылдан бері ардагерлер ұйымының мүшесі. 2003 жылы зейнеткерлікке шықты. Қоғамдық жұмыстарға араласады.
Б.Қожағалиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №13-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
