85. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(12.03.1985, Бөкей ордасы ауд., Сайқын а.) – айтыскер-ақын. 2000 жылы М.Мәметова атындағы орта мектебінің 9 класын бітіріп, Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің жанындағы педагогикалық лицейге түсіп, 2002 жылы, ал аталмыш университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін 2006 жылы ойдағыдай бітіріп шыққан. Қазір БҚМУ қазақ тілі әдебиеті факультетінің оқытушысы Көптеген облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы. 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған VII «Алтын домбыра» ақындар айтысында «Алтын домбыра» иегері атанса, 2019 жылы Атырау қаласындағы Халықаралық "Ұлы даланың ұлағаты", Нұр-Сұлтан қаласындағы "Береке бірлігіңде, елім" республикалық ақындар айтысы және Орал қаласында өткен «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» ҮІІІ «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында ІІ орынды иеленді. 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Бөкей ордасының 215 жылдығы, Жәңгір мектебінің 175 жылдығына орай айтыскер ақын Жансая Мусинаға «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы» берілсе, 2017 жылы ҚР Президентінің жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, 2018 жылы ҚР "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталған.
Ж.Мусинаға Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №4-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
