84. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(28.02.1966 ж.т., Бөкей Ордасы ауд., Орда а.) журналист, айтыс ақыны. Қазақстан Журналистер (1993), Қазақстан Жазушылар (2001) одақтарының мүшесі. 1989 ж. Орал педагогикалық институтын бітірген. 1989-1997 ж. Орал және Қостанай облыстық телерадиокомпанияларында теледидар редакторы болып жұмыс жасады. “Сарыарқа” журналы бас редакторының орынбасары, “Жас Алаш” газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі болды. Қазір ҚР Парламенті мәжіліс баспасөз қызметінің бас сарапшысы болып қызмет істейді.
Өлең жазуды 7 сыныпта бастаған. 1988 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газеті өткізген “Жыр – жарыс” бәйгесінің жүлдегері, 1990 ж. Жұбан Молдағалиевтың 70 жылдығына арналған мүшәйраның жеңімпазы атанып, 1993 ж. Бұқар жыраудың 325 жылдығындағы мүшәйрада үшінші орынды иеленді. 1996 және 2000 ж. “Сорос Қазақстан” халықаралық қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты. 1999 ж. Қазақстан Жазушылар одағының ұсынуымен ҚР Президентінің стипендиясына ие болған. “Жазушы” баспасынан “Ғұмырнама”, “Ай мен ару” жыр кітаптары жарық көрген
А.Сейтаққа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №4-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
