81. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(18.12.1941, Сайқын а.) - тіс дәрігері, Батыс Қазақстан Халық Ассамблеясының мүшесі, Бөкей ордасы ауданы құрметті азаматы, еңбек ардагері. Ұлты - татар. 1950-1960 жж. Сайқында орта білім алған. 1960-1961 жж. М.Мәметова совхозында құрылыста жұмысшы, 1961-1964 жж. Орал қаласындағы тіс-дәрігерлік техникумда оқып, тіс дәрігері мамандықты меңгерген. Сайқын ауылындағы учаскелік ауруханада тіс дәрігері. 1964-1967 жж. Совет Армиясы қатарында Прибалтика, Белоруссия жерлерінде азаматтық борышын өтеген. Армияда Петропавл деген жердегі әскери госпитальда тіс дәрігері қызметін атқарған. 1967 ж. Сайқын учаскелік ауруханаға тіс дәрігері. 1968-1973 жж. Гурьев Мемлекеттік педагогикалық институтта оқып, биология факультетін бітірген. 1973 ж. 2 ай Орал қ., Алматыда дәрігер-бактериолог, бас дәрігер міндетін атқарды, тіс дәрігері мамандығы бойынша жұмысын жалғастырған. 1983-1987 жж. Сайқын а/к төрағасы, 1987-2010 жж. аудандық ауруханада тіс дәрігері, лабораторияның меңгерушісі болған. 2004 жылы 44 жылдық еңбек өтілімен зейнеткерлікке шықса да, 2010 ж. дейін еңбектен қол үзбеген. 1980-1982 жж. Орал қ. университетін сырттай оқып, үздік бітірген. 1964-1991 жж. тамызда КПСС қатарында болған. ССР Денсаулық Сақтау Министрінің құрмет грамотасымен, облыстық денсаулық сақтау департаментінің бірнеше грамотасымен, Н.И.Пирогова атындағы "Құрмет медалімен", аудан басшыларының, аудандық аурухана әкімшілігінің көптеген грамоталарымен марапатталған. Денсаулық Сақтау саласындағы еңбегі ескеріліп 2011 жылы есімі «Во имя жизни» - лучшие работники здравоохранения РК" және «Этапы развития здравоохранения Западно-Казахстанской области» деген кітаптарына енген.
З.Утеевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №4-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
