Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

80. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(05.07.1936, Орда ауд., Ноғайбай а/к (қаз. Атырау обл., Құрманғазы ауд). 7-8 жастан "Буденный" колхозының қозысын баққан. 1951ж. Сайқын ауылынан 7 жылдық білім алып, 1952 ж. Орда ауылындағы ауылшаруашылығы механизация мектебінен тракторшы-механизатор мамандығын меңгерді. 1953-1960 жж. Сайқын ауылындағы совхозда тракторшы, механизатор, аға механик,1962-1975 жж. Жәнібек ауданының Ұзынкөл совхозында инженер-механик, 1962-1965 жж. Орал ауылшаруашылық техникумында сырттай оқып, техник-механик мамандығын алды. 1975-1978 жж. Орда аудандық жол жөндеу мекемесінде аға механик, 1978-1987 жж. Жәнібек "Сельхозтехникасына" қарасты Орда ауданындағы "К-700" тракторларын қамтамасыз ететін инженер-диагностик, 1987-1996 ауданда "Сельхозтехника" мекемесі құрылып, онда инженер-механик, техника жөндеу стансасы бастығы болған. 1996 ж. зейнетке шыққан. 1996-1998 жж. аудандық автокөлік жүргізушілер одағының төрағасы.

Х.Қабиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №4-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
172

Еще по теме

80. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz