Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

8. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

Алғашқы қазақ Совет дирижері.

(15.6.1927, Жаңақала ауданы, бұр. Карл Маркс атынд. ұжымшар - 03.05.2015, Алматы) - дирижер, Қазақстанның (1967) және КСРО-ның халық артисі, профессор (1980).

Төлеңгіт руынан шыққан.[1] 1950 ж. Алматы консерваториясының Халық аспаптар факультетін (А.Қ.Жұбанов пен Л.М.Шаргородский класы бойынша, сонымен қатар скрипкадан профессор И.А.Лесманнан, домбырадан Қазақстанның Халық артисі Қ.Жантілеуовтен сабақ алды), ал 1964 ж. Ленинград консерваториясының опера-симфония дирижері факультетін (профессор Э.П.Грикуровтың класы бойынша) бітірді. Алғаш халық аспаптар оркестрінің домбырашысы, жетекші домбырашысы, кейін дирижері қызметін атқарды. 195060,1964-68 және 1971-89 ж. Қазақтың халық аспаптар оркестрінің, 1968-71 ж. Қазақ симфониялық оркестрінің көркемдік жағын басқарушы әрі бас дирижері. Кажығалиев оркестр музыканттарының ансамбльдік орындаушылық мәдениетін көтеріп, кәсіби шеберлігін шыңдай түсті. Оркестр құрамындағы халық музыкасы аспаптарын жаңалап, олардың дыбыс бояуын байытып, жетілдіруге ықпал етті. Сондай-ақ оркестр репертуарын әлемдік классика шығармаларымен толықтырып, эстетик. тәрбие беруге зор үлес қосты. Қажығалиев халық аспаптар оркестрін бастап көптеген шетелдерде онер көрсетті. 70-80 жылдары Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен шүғылданады.

Шәкірттері: дирижерлер А.Мырзабеков, М.Әубәкіров, домбырашы, композитор Д.Ботпаев, музыка зерттеушісі О.Байділдаев, т.б.

Қажығалиев 1953 ж. Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің дүние жүзілік фестивалінің лауреаты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982, 1980-82 жылдардағы конңерттік бағдарламасы үшін). Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған

Ш.Қажығалиев 50 жасқа толуына орай Еңбекшілер депутаттары аудандық Совет атқару комитетінің 1977 жылғы 5 шілдедегі шешімі бойынша "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
365

Еще по теме

8. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz