8-наурыз
Ардақты әжелер, абзал аналар, аяулы қыздар!
"Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалы ұжымы Сіздерді 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды! Көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін. Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілейміз! Әрқашан береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
