79. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(2.05.1941 ж, Ноғайбай а/к) - ҚССР ағарту ісінің үздік қызметкері. 1949-1959 жж. Сайқын ауылында оқушы, Сайқын орта мектебін алғаш бітірушілердің бірі. 1959-1964 ж.ж. Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетінде оқып, «орта мектептің география-биология пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 1964-1974 ж.ж. Орда сауықтыру мектеп-интернатында тәрбиеші, оқу ісінің менгерушісі, 1974-1975 оқу жылында М.Горький ат. орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1975-1977 ж.ж. Мұратсай сегіз жылдық мектебінің директоры, Мұратсай орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, кейін 2004 жыл зейнеткерлікке шыққанға дейін қатардағы мұғалім болып жұмыс істеген. 1966-1967 жж. әскер қатарында болды, әскери шені-аға лейтенант. 1987 ж. «ҚССР ағарту ісінің үздік қызметкері» белгісімен, бірнеше аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен марапатталған. 1995 жылдан жоғары санатты ұстаз. Аудандық халық аспаптары оркестрінің белді мүшесі. Мәскеу қаласында, ГДР жерінде оркестр құрамында концерт қоюға қатысқан. Қазір ауылда еңбек ардагері.
К.Жахатовқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №4-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
