Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

77. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

мұғалім, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. 1942 жылы 12 шілдеде Орда ауданы, Қарғалы ауылдық советінде дүниеге келген. Ордадағы М.Горький атындағы орта мектепті, 1961 жылы №9 Орда ауыл шаруашылық училищесін бітірген. Мамандығы комбайнер-механик. Осы жылы Орда совхозына көмекші-шопан, кейін механизатор болған. 1962-1966 жж. әскери қатарында аға матрос дәрежесіне көтеріліп, мақтау грамотасымен марапатталған. 1965 жылы 21сәуірде кешкі әскери бөлімі жанындағы марксизм – ленинизм мектебін бітірген. 1965 жылы 7 мамырда Жеңістің 20 жылдығы құрметіне мерекелік медалімен марапатталған. Осы жылы КОКП қатарына өтті. 1966 жылы Орда совхозына спорт нұсқаушысы, 1967 жылы наурыз айынан Жәнібек аудандық комсомол комитетіне ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болған. 1967-1972 жж. Орал педагогикалық институтын тарих және педагогика мамандығы бойынша бітірді. 1972-1987, 1988-2005 жж. зейнетке шыққанша М.Горький атындағы орта мектепте тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі. 1987-1988 жылдары Орда ауылдық кеңесінің төрағасы. 1990 жылы аға мұғалім атағы берілді. Білім министрі К.Б.Балахметов (1984) пен Қазақ ССР халыққа білім беру министрі Б.Сапарбаевтың (1991) Мадақтауына ие болған.1997 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

С.Байзоновқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №4-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
149

Еще по теме

77. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz