Жақсы сервис –қонақтар ризашылығы: үздік даяшылар және бармендер БАӘ-не барады
Жақсы сервис –қонақтар ризашылығы: үздік даяшылар және бармендер БАӘ-не барады
Аспаздың дайындаған дәмді әрі, талғамды тағамдарын немқұрайлы және дөрекі даяшы әкеліп беретін болса – онда мұндай мейрамханаға қонақтардың қайтып келуі екі талай. Мейрамхана қызметі - бұл нағыз өнер.
Өз жұмысына кәсіби және таза ниетпен қарайтын даяшылар мен бармендер, жағымды атмосфераның қалыптасуына ықпал жасай отырып, тұрақты клиенттерді тартады – олар, өз кезегінде, міндетті түрде мейрамхананы, бар немесе кафені барлық таныстарына жарнамалайды. Алайда, біз білетіндей, ешкім даяшы және бармен болып туылмайды. Кәсіби мамандар қайдан алынады?
Әрине, мейрамханаға жұмысқа тұрып ондағы "ардагерлердің" жұмысын бақылай отырып тәжірибе жинауға болады. Бірақ мұның басқа жолы да бар: даяшы мамандығын алу үшін колледжде білім алу керек. Беделді халықаралық студенттік WorldSkills Kazakhstan жарысы екінші нұсқаның артықшылықтарын айқын жарнамалайды: жас қатысушылардың жұмысын тамашалау – бұл шынайы рахат.
Сонымен, олар кімдер екен – үстел безендіруші жас шеберлер, бар және кофе әзірлеу саласындағы кемеңгерлер? WorldSkills Kazakhstan-ның "ең дәмді" – "Аспаздық шеберлік" бөліміне барған соң, саналы түрде "Мейрамханалық сервис" құзыретіне қарай бір қадам жақындай түсеміз. Мәссаған! Барлығы таныс адамдар! Біздің тұрақты оқырмандарымызға "Блогерлердің кешкі асы" материалы арқылы белгілі болған Валерий Панков. Ол Алматы туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің тамақтандыруды ұйымдастыру факультетінің сымбатты студенті, өзінің жоғары біліктілігін осы жерде де көрсете білді. Сондықтан Валерийдің түрлі іс-шараларға және кәсіби конкурстарға белсенді қатысуы таң қаларлық емес.
«Блогерлермен кешкі ас» кезінде Валерий психолог болғысы келгенін айтты. Бірақ өзінің жасаған таңдауына еш өкінбейді, өйткені психология мен даяшы мамандықтары өзара тығыз байланысты. «Қонақтың бабын таба білу – бұл жақсы шайлық», - деп өткен материалда Валерий атап өткен болатын. Бірақ WorldSkills Kazakhstan-те жеңіске жету үшін, бір ғана психология жеткіліксіз. Бәсекелестік тапсырмада әріптестерінің алды болуға студентке көбірек кәсіби дағдылары көмектесті, онда 4 түрлі кофені (латте, американо, капучино және авторлық) дайындап, апарып беру керек болатын. Валерий – бармен және даяшы ғана емес, ол сондай-ақ бариста. Бұл мамандық – бізде әзірге сирек кездеседі - кофені дайындау мен берудегі практикалық дағдыларды және бастапқы іргелі білімді талап етеді.
Жас маман бұл саладағы өзінің кәсіпқойлығын – жеке еңбегіне қарағанда колледждегі алған білімінің арқасында деп санайды. "Менің колледжім – елдегі ең үздігі. Мықты оқытушылар, жақсы теориялық база", – деп студент өзінің оқудағы алғырлығын қарапайым ғана жеткізді. Ал WorldSkills Kazakhstan – бұл Валерий үшін жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ өзіндік тексеру, шыңдалу, дайындалу болып табылады. "Барлығы стресс жағдайында жүреді: қобалжыған кезде не істеу керек екенін ұмытып қаласың, көптеген нәрселер жоспарлағаныңдай болмайды. Бірақ мұндай сынақтар алдағы жұмысыңа әдістеме ретінде көмектеседі. Ең бастысы – дер кезінде өз-өзіңді қолға алып, көңіліңді жұмысқа аудару", – деп кеңес береді ол. Десе де, Валерийдің психологияға әуестеніп жүргені байқалады.
Хош иісті кофеден – әдемі фуршет үстеліне дейін. «Фуршеттік үстел, ірімшік пен жемістерді тәрелкеге кесу және беру" санатындағы жеңімпаз атағы Қарағанды коммерциялық колледжінің студенті Полина Сидельниковаға берілді. Алға шығып, айтатынымыз: бойжеткен өзінің WorldSkills Kazakhstan қатысуын "5-балдық шкала бойынша 3,5 балл" деп қарапайым бағаласа да, ол "Мейрамханалық сервис" номинациясы бойынша БАӘ-де біздің еліміздің намысын қорғайды. Сонымен не керек, қарапайымдылық жеңімпазды тек қана ерекшелей түседі. Ал жеңімпаз, өз кезегінде, қатысуымен үстелдерді безендіріп қана қоймады, сондай-ақ жоғары сапалы үстел әрлеуді ұсынады.
"WorldSkills маған өте ұнайды, мен мұнда келгеніме қуаныштымын. Қатысушылар өте мейірбан, барлығымен қарым-қатынасым жақсы. Тапсырмалар қиын, бірақ мен тырысамын, сондықтан барлығы ойдағыдай шығады", – дейді бойжеткен.
Валерий секілді Полина үшін де ең қиыны – психологиялық қобалжу болды (айта кету керек, мүлдем босқа қобалжу). "Қобалжимын, бар күшіммен жүгіремін - үлгермей қалатындай сезінемін... Сосын ойланып тұрып: бір қарасаң бәрі дайын. Кенеттен қорап ішінен үстел үстінде тұруы керек затты тауып аламын ", – деп күлімсіреп еске алады жеңімпазымыз.
Айтпақшы, ол мүлде даяшының оқуын оқымайды, оның мамандығы тамақ өнеркәсібі технологы. Әртүрлі тағамдарды дайындаумен айналысу Полинаның бала кезіндегі арманы. Ал қазір ол өзінің жеке кондитерлік кеңсесін ашуды армандайды. Дарынды студенттің сүйікті ісі – торттар мен тәттілерді пісіру. Оған ерекше ұнайтыны (дәмі жағынан да) "Қызыл бархат" торты.
Полинаға армандары тезірек орындалсын деп тілейік. Әрине, финалда да сәттілік тілейміз. 2015 жылы Қазақстандық студент Сергей Белоносов "Ресторан сервисі" бойынша әлемдегі ең үздік жиырмалыққа іліккен болатын. Полина, біз саған сенеміз, Сергейдің нәтижесінен де жоғары нәтижеге қол жеткізуіңе шын жүректен тілектеспіз!
Естеріңізге сала кетейік, WorldSkills – бұл колледж студенттері арасындағы техникалық және кәсіби дағдылар чемпионаты, шыққан жері Испания және қазіргі таңда 50-ден астам елдердің қамтиды.
Финалы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін халықаралық сайысқа біздің еліміз үшінші жыл қатарынан қатысуда. WorldSkills Kazakhstan 23 мамандық бойынша байқауға қатысушы студенттердің ішінен үздігін анықтауға шақырады, биыл қатысушылар саны 200-ден асады. Сайыста жеңіске жету – бұл бедел, және болашағыңа деген көптеген мүмкіндіктер: өйткені, сарапшылар арасында – дарынды, өз ісінің кемеңгерлері, шебер мамандарды ауадай қажет ететін жұмыс берушілер қатысады.
Сонымен қатар, Астанадағы Көрме кешенінде өткізілген 4 күн ішінде оқушылар тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды – және де жай ғана уақытты жақсы өткізіп, достасып, ойлары ұштасатын достар тапты. Сондықтан, WorldSkills Kazakhstan сайысында негізінен жеңілгендер жоқ деуге де болады: бұл жерде дәл қатысқан сияқты жеңіске жету де соншалықты маңызды емес дегенге саяды.








