75. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1938 жылы Орал облысы, Орда ауданы, Қасымтау селолық кеңесі- 2016 ж Сайқын ауылы) 1957 жылы Жәнібек орта мектебін бітірген, 1960 жылы Орал ауылшаруашылық техникумынан агроном мамандығын алып шыққан. 1969 жылы Саратов ауылшаруашылық институтының сырттай бөлімін тәмамдап, "ғалым - агроном" мамандығын меңгерген. 1961 жылы М.Мәметова атындағы кеңшараның №1 фермасында агроном, 1964 жылы Мұратсай ауылында гидротехник, 1966 жылы М.Мәметова кеңшарында бас агроном, 1972 жылы бас экономист, 2001 жылдан бастап бас бухгалтер болып қызмет жасаған. 2002 жылы зейнеткерлікке шыққан. Бірнеше рет аудан көлемінде алғас хаттармен марапатталған.
Б.Закировқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №26-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
