74. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1938 жылы Орал облысы, Орда ауданы, Бисен ауылдық кеңесінде дүниеге келген). 1956 ж. Орда орта мектепті бітіріп, Жәнібек ауданы Большевик ауылында колхозшы болып еңбек жолын бастаған. 1956-1957 жж. Орда ауылындағы ауылшаруашылық училищесін тәмамдап, 1957-1958 жж. М.Мәметова атындағы кеңшарда тракторист, 1958-1961 жж. Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген. 1961-1981 жж. М.Мәметова атындағы кеңшарда автокөлік жүргізуші, 1981 жылдан Сайқын кеңшарының № 2 бөлімшесінде аға шопан. Бірнеше жыл шаруа қожалығы жетекшісі болды. "Құрмет белгісі" орденімен және бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталған.
С.Ихсановқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №26-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
